Бұған дейін ОСК Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мейрам Қажыкенге кандидат куәлігін табыстаған.

Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» партиясынан ұсынылған Жигули Дайрабаевты президеттікке қандидат ретінде тіркеді.
 
Ол елдің 20 аймағынан 125 081 қол жинап өткізген. ОСК жиналған қолдың 119 975-і расталғанын, бұл – міндетті меже сайлаушылардың 1 пайызына (118 273) жететінін хабарлады.
 
Осылайша, Жигули Дайрабаев президент сайлауына тіркелген 3 ресми кандидат атанды. Бұған дейін ОСК Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мейрам Қажыкенге кандидат куәлігін табыстаған.

qamshy.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!