Қазақстандық хитмен Қайрат Нұртаспен отау құрғанына 16 жыл болған Жұлдыз “Оян” бағдарламсында мәһрге қандай сыйлық сұрағанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайратқа тұрмысқа шыққанда жас болғанын алға тартқан Жұлдыз бастапқыда мәһр жайлы білмеген.

“Осыдан 16 жыл бұрын жасым 19-да. Негізі бізге дұрыс түсіндірген жоқ. Мәһрді қалай, не үшін, неге сүйене отырып сұрау керегін білмедім. “Алтын алқа болады. Гауһар таспен көмкерілсе, тіпті жақсы” дедім. Мен ол кезде мәһрді белгілі бір уақыт ішінде алып беру керегін білмедім. Қалаған сыйлығымды 2-3 жылдан кейін алып берді”, – деді Жұлдыз.

©instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!