Екібастұзда тұрғындар үйдің жанында кілемге оралған әйелдің мәйітін тауып алды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Тұрғындар 17 қазанда полицияға қоңырау шалып, тұрғын үйдің жанында жатқан кілемнен адамның аяғы шығып тұрғанын мәлімдеген. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы зорлық іздері бар әйелдің мәйітін тапты.

Марқұмның денесін кілемге орап, сымтемір байлап тастаған. Кейін әйелдің 38 жастағы қала тұрғыны екені анықталды.

«Кісі өлтірді деген күдікпен 36 жастағы Екібастұз тұрғыны ұсталды. Ол қылмысты мойындады. Тергеушілер тиісті сараптамаларды тағайындады», – деді Екібастұз полиция басқармасының басшысы Қайыржан Шақарғалиев.

Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!