Ақтөбеде кәсіпкерден 7 миллион теңге бопсалаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған жергілікті тұрғынды ұстады.

«Ол кәсіпкерді қорқытып, одан ірі көлемдегі қаражатты талап етті деген күдікке ілінді. Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті ақшаның 2 миллион теңге көлеміндегі алғашқы бөлігін алған сәтте қолға түсті. Тергеу барысында ол кәсіпкерге ұзақ уақыт бойы қысым көрсетіп, жалпы 7 миллион теңге талап еткені анықталды», – делінген хабарламада.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!