Бүгін, 18 мамыр күні Атырауда төрт адамның өліміне қатысты резонансты істің соты басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атырау Тудей» сот залынан хабарлап жатқандай, күзет сот залына басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті кісендеп әкелді. Судья – аса ауыр қылмыстарды қарайтын Зарема Хамидуллина. Ол былтыр Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі қараған еді.
Туған қайын атасы мен қайын енесін және екі балдызын өлтірді деген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің ісіндегі прокурордың аты – Мирас Бауыржанов. Дәл осы мемлекеттік айыпталушы тергеудің қорытындысы мен Сәрсемәлиевке тағылып отырған айыпты оқыды.
Тергеудің мәліметіне сүйенсек, Сәрсемәлиев ең алдымен балдызы Наурыз Мұқанғалиевті өлтіріп, оның мәйітін үйдің ауласына көміп тастаған. Қылмысқа екеуара жанжал себеп болған көрінеді.
Істің басты сот талқылауы қай күні өтетіні әзірге айтылған жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
