Apple компаниясы ақылды көзәйнектің екіншісін шығаруға кірісті. Алдын ала болжамға қарағанда, өнім 2022 жылы дайын болады. Бұл жайлы техноинсайдер Роберт Скобл хабарлады.
Өнімнің атауы – Apple Glass AR. Гарнитураның дисплейі бар. Қоршаған ортаны Lidar технологиясы арқылы өзгеше көрсетеді. Сол үшін арнайы бағдарлама жасалған. Гарнитура кәдімгі көзәйнекке ұқсайды, арнайы орнатылған линзасы бар. Электронды компонент пен аккумулятор орнатылады.
Ақылды көзәйнек iPod плеерімен бірге ұсынылады. Ол да келесі жылы жарыққа шығады. Құрылғы музыканы виртуалды шындық эффектісімен бірге қосуға, сол арқылы әуен тыңдауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, құрылғы келесі жылы жазда шығады деп күтілуде. Бірақ нақты бағасы мен қай уақытта сатылымға шығатыны белгісіз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!