Тоқты

Ойлап жүрген арман-мақсатыңыз орындалады. Жағдай сізге түзетулер енгізуге мүмкіндік беріп тұрғанда, болашақты жоспарлауға қорықпаңыз.

Туыстар мен ғашықтардың арасындағы қарым-қатынас шиеленісуі мүмкін. Мұның себебі – бірлескен болашақ туралы келіспеушіліктің болуы. Ымыраға келу жолын іздеген дұрыс. Сондай-ақ еңбектенуді ұмытпаңыз. Болашақ пен мансап туралы ойлану керек. Не қалайтыныңызды шешіп, мақсатыңызға жетуге ұмтылыңыз.

Торпақ

Апта даулы болады. Алда үлкен күтпеген шығындар күтіп тұр. Негізгі қиындықтар қаржы саласымен байланысты, сондай-ақ жұмыста да қиындықтар туындауы мүмкін. Жеке өміріңізде жақсы жаңалық болады. Жалғызбастылар өмірлік серігін табады, ал ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста жүргендер жаңа деңгейге көшуге шешім қабылдайды. Егер үйлену туралы шешім қабылдамаса, онда бірге өмір сүре бастайды.

Егіздер

Апта мөлдір әрі шынайы махаббатқа толы болады. Біздің әлемде әлі де шынайы сүйетін адамдармен қарым-қатынаста болудың қандай екенін білу бақытына ие боласыз. Еңбекқорлығыңызға байланысты апта сәтті болады. Ауылшаруашылық және қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер ерекше жетістікке жетеді. Жұмыс бабымен келіссөздер де сәтті болады. Ескі тапсырмаларды орындайтын кез келді. Барлық назарыңыз жұмысқа бағытталады, сондықтан демалысты теңіз жағасында өткіземін деп ойламаңыз. Барлығы демалып жатқанда, сіз көп жұмыс істейсіз.

Шаян

Өмір сүру салтын, жұмысты, қоршаған ортаны, тіпті киім үлгісін түбегейлі өзгерткіңіз келеді. Мұның себебі – ұзаққа созылған күйзеліс. Бұл – кеудеден бір тас түсіргендей, эмоционалды ауыртпалықтан арылудың және жеңілдетудің бір түрі. Жеке өміріңіздегі өзгерістер оң болады. Қайғы мен қатты ойға берілуге уақыт болмайды, сондықтан қыс мезгілі қызықсыз деп алаңдамаңыз. Өкінішке қарай, өзен немесе теңіз жағасында демалуға уақыт болмайды. Жақындарыңызбен және әріптестеріңізбен қарым-қатынасты реттейсіз.

Арыстан

Сәттілік сіздің серігіңізге айналады. Астролог сізге барлық жаңа істерді бастауға, өз-өзіңізді жетілдіруге, өзіңізді және өмірдегі үйлесімділікті іздеуге кеңес береді. Жеке өміріңізде қиындықтар туындауы мүмкін, бірақ бір-екі айдан кейін жағдай қалыпқа түседі. Ең бастысы, үзілді-кесілді қарсы болмай, серіктесіңізді мұқият тыңдауға тырысыңыз. Апта қаржылық тұрақтылығымен ерекшеленбейді, сіздің шығындарыңыз кірістеріңізден асып түседі. Бюджетті жоспарлауды үйреніңіз және шамаңыз келгенше қарызданбаған жөн.

Бикеш

Апта шиеленісті болады. Көбіне әріптестердің жасаған ісіне және басшылықпен түсінісу қиындықтарына байланысты. Егер сіз дағдарыстан шығып, байланыс орната алсаңыз, бәрі тез шешіледі. Апта ортасына қарай жағдай жақсара бастайды. Тіпті қысқа үзіліс жасап, демала аласыз. Осы мүмкіндікті барынша пайдаланыңыз, өйткені алда болатын оқиғалар сізді барлық ішкі күшіңізді жұмылдыруға мәжбүр етеді.

Апта сізге қарсы жасалған айлалардың жаңа толқынымен күрделене түседі. Өзіңізге деген осындай қызғаныш сезімін қалай тудырғаныңыз туралы ойланған жөн.

Таразы

Туындаған мәселені шеше аласыз және қаржылық жағдайды тұрақтандырасыз. Алайда жеке өмір мәселесінде сәттілік күтпеңіз, бәрі тек сіздің ниетіңіз бен әрекетіңізге байланысты болады. Егер бұрын жүзеге аспай жүрген істеріңіз болса, енді бәрі ойдағыдай жүреді. Театр мен кино, кескіндеме, музыка немесе мүсіндеу саласымен байланысты шабыт пен шығармашылық серпіліс береді.

Сарышаян

Апта тыныш және тұрақты болады. Сіз біртектілікті ұнатпасаңыз да, бұл уақыт сіздің психологиялық жағдайыңызды ретке келтіруге және ұзақ мерзімді жоспар құруға көмектеседі. Өмір өз біліміңізді жетілдіруге, сондай-ақ жаңа белестерді бағындыруға мәжбүр етеді. Сыртта неғұрлым жылы болса, соғұрлым серіктесіңізбен қарым-қатынасыңызға құмарлық оралады. Дау-дамайдан жалыққандар үшін бұл кезең жан тыныштығын әкеледі.

Мерген

Апта нәтижелі жұмыспен, сондай-ақ эмоционалды өрлеумен ерекшеленеді. Ұзақ уақытқа созылған күйзелістен шығып, жағдайды өз қолыңызға алатын кез келді. Өмірдің әділетсіздігін айтып, шағымдануды қойыңыз, сіз бәріне өзіңіз қол жеткізе аласыз. Өзіңізді дамыту үшін жасаған жұмысыңыздың ізсіз өтпегенін көресіз. Сіздің кәсіби міндеттеріңіз арта түскенімен, бір қуантатыны, сіздің айлық жалақыңыз да өседі. Сонымен бірге үй мәселесін шешу, демалу үшін қолайлы болады. Тыным таппай еңбек еткендерге жақсы демалыс қажет. Ақшаңызды өзіңізден үнемдемей, армандаған сапарыңызға баруға тырысыңыз.

Тауешкі

Күтпеген қиындықтан қорықпай, кез келген мәселені шешуге бел бууыңызға болады. Жыл белгісінің жақсы ниетін пайдаланыңыз, бірақ әркім өзінің еңбегіне қарай марапатталатынын ұмытпаңыз. Жылулық және мансаптық жетістіктермен қуантады. Барлық шығармашылыққа бейім адамдар, дизайнерлер және мемлекеттік қызметкердің жұмысы жемісті болады.

Суқұйғыш

Апта даулы және қиын болады. Сізге тепе-теңдік, ымырашылдық іздеп, жақындарға зиян тигізбеуге тырысу керек. Көп нәрсе сіздің адамдармен ортақ тіл таба алуыңызға байланысты. Аптада қаржылық жағдайды жақсарта аласыз, бірақ мұндай уақыт ұзаққа созылмайды. Күтпеген шығындар бюджетіңізді тез арада қаржылық құлдырауға әкеледі.

Балық

Астрологтың айтуы бойынша, барлық апта бірдей сәттілікке ие бола бермейді, бірақ апта соңына қарай сіз барлық жағынан айтарлықтай жетістікке қол жеткізесіз. Өзгерістерді күтпей-ақ коюыңызға болады, бірақ аптада оң өзгерістер орын алуы мүмкін. Апта барлық өзекті мәселені шешуге және қаржылық жағдайды нығайтуға көмектеседі. Жұмыста да оң өзгеріс болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!