Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

Алтай Көлгінов Қазақстанның Эстония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды», –  делінген хабарламада.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Нұрлан Сейтімов лауазымынан босатылды. 

Алтай Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 

  • 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен. 
  • 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады. 
  • 2008-2010 жылдары – «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары. 
  • 2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 
  • 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 
  • 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды. 
  • 2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.
  • 2019 жылдың 13 маусымынан 2022 жылдың 9 желтоқсанына дейін Астана қаласының әкімі болып қызмет еткен. 
  • Ал 2022 жылдан 2023 жылдың маусым айына дейін  Премьер-Министрінің орынбасары қызметін атқарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!