Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесіп, бірге түскен суреттері бар альбом сыйлады.

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен арнайы кездесу үшін барған. 

«Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевқа кешке барды. Аман-саулықтарын сұрасты. Үйде әңгіме айтып, маңызды сұрақтарды талқылады. Өткен жылдары өздері куә болған мағызды оқиғаларды еске алды. Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенкоға бірге түскен суреттері альбомды сыйға тартты», – делінген хабарламада.

Видеода Назарбаев Беларусь басшысына альбомды таныстыр барысында Ресей президенті Владимир Путинмен бірге түскен фотосуретке тоқтаған.

«Бұл – біз үшеуміз», – деді Назарбаев. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!