Бүгін IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды.
Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль.
Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды. Ол да биатлоннан ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринтте бақ сынаған болатын. Вадим Куралес жарысты 30 минут 40,6 секундта екінші болып аяқтады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!