Динара Сәдуақасова Президентке өзінің «Шахмат ойнап үйренейік» атты кітабын сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап.

Сондай-ақ Динара Сәдуақасова Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазан айында Республика күнін мерекелеуге орай елордада шахмат турнирін ұйымдастыру жоспары туралы айтып берді. Жансая Әбдімәлік елімізде шахмат спортын дамыту және шахмат пен IT технологияны тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат ашу жөнінде бірқатар ұсыныс айтты. Осыған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен және шахмат федерациясының өкілдерімен кездескенін хабарлаған едік.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!