Фото: Туризм және спорт министрлігі

Stan.kz. Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бәйге сайысы өтіп, жеңімпаздар анықталды. «Құнан бәйге» жарысында қазақстандық үш ат жүлде алды. Бұл бәйгеде Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия мемлекеттерінен 15-тей құнан бақ сынады. 11 шақырымға созылған дүбірлі додада жеңімпаз болған құнандар:

1-орын: «Қамысқұлақ», шабандозы – Амир Серік, ат иесі – Біржан Шаймерденов, бапкері – Қуаныш Шақанбаев (Қазақстан)

2-орын. «Айшуақ», шабандозы – Аңсар Арыстанбек, ат иесі – Алтынбай Қасым, бапкері – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан)

3-орын. «Бақторы», шабандозы – Ділнұр Нұрмұқаш, ат иесі – Айбек Бейсбаев, бапкері – Әділет Ноқатай (Қазақстан).

“Топ бәйгеден” жарыс жолына шыққан 20-ға жуық жүйріктен мәре сызығын екі-ақ жүйрік кесті. Қазақстанның үш сәйгүлігі жүлделі орындарға ие болды.

18 шақырымға жалғасқан топ бәйгеде 19 жүйрік жарыс жолына шығып, 3 ат қана мәреге жетті. 

1-орын: Холибой, шабандозы Бақтыбай Сержан, бапкері Медет Ералимов, ат иесі Едил Буралкиев (Қазақстан);

2-орын: Зымыран, шабандозы Арнат Мұратхан, бапкері Табылдиев Нұржігіт, ат иесі Табылдиев Нұржігіт (Қазақстан);

3-орын: Кемеңгер, шабандозы Жанболат Марден, бапкері Саламат Ахметов, ат иесі Бекболат Серікбеков (Қазақстан).

25 шақырымға жалғасқан Аламан бәйгегеде қазақстандық үш тұлпар жүлделі орындарды иеленді. 

Аламан бәйгеге 27 шабандоз қатысты. Соңғы айналымда 7 ат қана қалды. Мәре сызығын бірінші болып «Айқабақ» кесті. «Жұмыртұяқ» екінші болып келсе, қырғызстандық сәйгүлік – «Қара қыз» үштікті түйіндеді. Қазақстан қоржынында бір алтын, бір күміс бар.

1-орын: «Айқабақ», шабандоз – Ансар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сатпаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан); 

2-орын: «Жұмыртұяқ», шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан); 

3-орын: «Қара қыз», шабандоз – Элесов Нурэл, бапкері – Керимбеков Нурбек, ат иесі – Сырғақ уулу Изат (Қырғызстан).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!