фото: ua.today
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында F тобында ойнайтын құрамалар екінші кезең аясындағы ойындарын өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Stan.kz дерегінше, Еуропа чемпионатының F тобында өнер көрсететін құрамалар арасында плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы құрама анықталды. Португалия құрамасы Түркияны 3:0 есебімен жеңіп, F тобында 6 ұпаймен көш бастады.
Алғашқы таймның 21-минутында Бернарду Силва есепті ашса, 28-минутта Самет Акайдын өз қақпасына гол соғып алды.
Ал екінші таймда Бруну Фернандеш есепті 3:0 жеткізді. Осы топта алғашқы ойындарында жеңілген Грузия мен Чехия құрамасы өзара мықтыны анықтай алмай, тең түсті.
Грузия сапында Жорж Микаутадзе көзге түссе, чехтардан Патрик Шик гол соқты. Енді Португалия Грузия құрамасына қарсы ойнаса, түріктер мен чехтер өзара мықтыны анықтайды.
Грузия сапында Жорж Микаутадзе көзге түссе, чехтардан Патрик Шик гол соқты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!