Фото: pexels.com

KAZINFORM – Бүгін футболдан Еуропа және Конференция лигалары 1/4 финалының алғашқы ойындары өткізілді.

Еуропа лигасында ойнап жатқан Англияның «Ливерпуль» командасы өз алаңында Италияның «Аталанта» клубынан 0:3 есебімен ойсырай жеңілді. Бұл жанкүйер күтпеген жағдай болды.

Аталған турнирде Португлаияның «Бенфикасы» Францияның «Марселін» 1:0, Германияның «Байері» Англияның «Вест Хэм Юнайтед» клубын 2:0 есебімен жеңсе, Италияның «Миланы» «Ромасына» 0:1 есебімен жол берді.

Ал Конференция лигасында «Виктория Пльзень» (Чехия) мен мен «Фиорентина» (Италия) 0:0 есебімен тең түссе, «Олимпиакос Пирей» (Грекия) «Фенербахче» (Түркия) клубын 3:2, «Астон Вилла» (Англия) «Лилль» (Франция) ұжымын 2:1, «Брюгге» (Бельгия) ПАОК (Грекия) командасын 1:0 есебімен жеңді.

Қарымта ойындар 18 сәуірге белгіленген.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Чемпиондар лигасы ширек финалының ойындары өткізілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!