Фото: ktf.kz

KAZINFORM — Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) бүгін жаңартылған рейтингіні жария етті.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина 4-орында қалса, Юлия Путинцева 52-ден 50-ге көтерілді.

Жібек Құламбаева 464-тен 483-ке құлдырады.

Көш басындағы үштікте өзгеріс жоқ – Ига Швентек 1-ракетка болса, Беларусь өкілі Арина Соболенко екінші, америкалық Кори Гауфф үшінші сатыда.

Майами финалында Елена Рыбакинаны жеңген америкалық Даниэль Коллинз кеше Чарльстон WTA 500 турнирінде де чемпион атанып, 22-ден 7 сатыға жоғарылап, ТОП-15-ке кірді.

Жұптық сында Анна Данилина 51-ден 54-ке сырғыса, Жібек Құламбаева 143-тен 142-ге шықты. Ю.Путинцева – 364, Е.Рыбакина 547-орында қалды.

Осы аптада Қазақстан әйелдер құрамасы 12-13 сәуірде Жапонияда корт иелерімен Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу матчын өткізеді. Оған Е.Рыбакинадан басқа Ю.Путинцева бастаған теннисшілер қатысады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!