Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушылары арасында көңілді эстафета сайысы өтті.

Жас зияткерлер түрлі спорттық құралдарды қолдана отырып, физикалық тапсырмаларды орындады. Эстафета соңында командалар арқан тартыс ойынында күш-жігерлерімен сынасып, спорттық қабілеттерін шыңдады.

Сайыс қорытындысы бойынша бірініші орынды 7 «Е» ойыншылары иеленсе, екінші және үшінші орындарды 7 «D» мен 7 «В» сыныптар өзара бөлісті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!