Фото: Crystal Pix/MB Media/Getty Images

39 жастағы Роналду кәсіпқой футболшы мансабында Еуропа чемпионатына 6-рет қатысқалы жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ espn порталының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы бұл көрсеткіш бойынша Икер Касильястың рекордын жаңартты. Испаниялық қақпашы Еуропа біріншілігінде 5-рет ойнаған. Ал Криштиану Роналду Еуропа додасына алғаш рет 2004 жылы қатысты. Ол кезде Португалия құрамасы финалда Грекияға 0:1 есебімен жол беріп, күміс жүлде иеленген болатын.

Еске салайық, Роналду бастаған Португалия құрамасы 2016 жылы Францияда өткен Еуропа чемпионатының жеңімпаздары болған еді. Финалда жарыс қожайындарын 1:0 есебімен жеңді. Сонымен қатар Криштиану Португалия тарихындағы үздік сұрмерген (128 гол) және ең көп ойын өткізген футболшы (206 матч).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!