Германияның Майндағы Франкфурт қаласында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

КІРУ

«Мұндай болады деп күтпедім»: Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Қазақстанның қарсыластары анықталды

Опубликовано:
Бүгін, 09 қазан 2022, 19:09

Еуро-2024 жеребесі тартылды
Көрнекі сурет: kff.kz

Германияның Майндағы Франкфурт қаласында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан құрамасы Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино құрамаларымен бірге «H» тобына түсті.

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі 2023 жылдың наурыз айында басталады. Ойын кестесі кейінірек жарияланады.

Осыған орай, Қазақстан командасының бас бапкері Магомед Адиев пікір білдірді. Бапкердің айтуынша, біздің құрама қиын топқа түскен.

«Қарсыластарды қиын деп айтуға болады. Бүгінгі таңда оңай қарсыластар жоқ. Өте мықты топтқа түстік деп ойлаймын. Нақты көшбасшы жоқ. Дегенмен Дания құрамасы даму жолына шықты. Олардың жас ойыншыларының деңгейі өте жоғары. Дат футболшылары топтың фавориті болады деп санаймын.

Қарсыластар туралы мәліметтерді біртіндеп жинай бастаймыз. Бізді қиын қарсыластармен қызықты ойындар күтіп тұр. Бәсекеге төтеп беруге тырысамыз. Шыны керек, мұндай қарсыластарды күткен жоқпын. Біздің топқа грандтардың бірі түседі деп ойладым. Мықты қарсыластардан құралған тең топ шықты», – деді Адиев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!