Фото: ашық дереккөзден

БАҚ өкілдерінің бұл сауалына туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айуынша, қазіргі уақытта ту ұстайтын спортшы кандидаттар белгілі болған.

Бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов. Боксшыларымыздың бұған дейін Олимпиадада ту ұстап шығуы болған. Екінші жанында ару қыз болуы керек. Жеңіл атлетші Ольга Сафронованы ұсынып жатырмыз. Сол екі спортшының жағдайлары жақсы болса белгілеп жатырмыз. Сонымен қатар резерв дайындадық. Балуан Нұрсұлтан Тұрсынов пен семсерші Әйгерім Сарыбай бар,- деді спикер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!