Семей қаласында спорттық самбодан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

Еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар бақ сынаған бұл додада Қызылорда облысының спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша қызылордалық жас балуандар бір алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Атап айтқанда, 59 келі салмақ дәрежесінде Аружан Алмағанбетова қарсыластарынан басым түсіп, І орын иеленіп, чемпион атанды. 72 килограмм салмақ дәрежесінде Гүлсезім Жанабыл финалдық белдесуде лайықты күрес көрсетіп, ІІ орынға қол жеткізді. Мәншүк Құдабай мен Аяулым Болат та табандылық танытып, қола медаль иегері атанды.

Жас спортшылардың бұл жетістігі – олардың табанды еңбегінің, жаттықтырушылардың жүйелі дайын­дығы мен қолдауының нәтижесі. Осындай жарыстар жасөспірімдердің тәжірибе жи­нақ­тап, болашақта үлкен спорттағы жетіс­ тіктеріне жол ашады.

Ақерке Дарханқызы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!