Алматыда өткен Octagon 35 және Brave CF 62 аралас жекпе-жек турнирінде қазақстандық Ринат Сағынтай (9-1) мен өзбекстандық Давлатбек Хожиев (3-0) кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтті және үш раундқа есептелген еді. Кездесу екінші раундта Сағынтайдың жеңісімен, техникалық нокаутпен аяқталды.

Осылайша, Ринат Сағынтай ММА-дағы кәсіби мансабында оныншы рет жеңіске жетті, ал Давлатбек Ходиев алғаш рет жығылып отыр.

Octagon 35 және Brave CF 62 турнирінің басты жекпе-жегінде бүгін қазақстандық Бауыржан Қуанышбаев (13-4) пен Бахрейн өкілі Магомед Магомедов (9-0) өзара мықтыны анықтайды. Олар жартылай орта салмақтағы Octagon лигасының чемпионы титулына таласады.

Фото: sports.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!