Футзалдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы маусымның қорытындысы бойынша УЕФА рейтингінде төртінші орынға тұрақтады.

         Жыл қорытындысы бойынша УЕФА рейтингін екі дүркін әлем чемпионы, жеті дүркін Еуропа біріншілігінің жеңімпазы Испания (2209,692 ұпай) құрамасы бастап тұр. Екінші орынға 2018 жылғы Еуропа чемпионы Португалия (2116,631) жайғасса, үшінші орынға Ресей (2098,095) құрамасы тұрақтаған. Солтүстіктегі көршімізден бір ұпай кем жинаған жерлестеріміз (2097,180) жылды төртінші орынмен аяқтады.

         Айта кетейік, Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысып жатқан Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы ойынын осы айда Мажарстан футзалшыларына қарсы өткізіп, 5:0 есебімен жеңіске жеткен. Енді жерлестеріміз келесі ойынын 2021 жылдың 28 қаңтарында сырт алаңда Израильмен өткізеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!