Фото: IBA

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Сербияның астанасы Белград қаласында өткен «Белград жеңімпазы» турнирінде чемпион атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Санжар Тәшкенбай Бранко Пашичті еске алуға арналға дәстүрлі турнирдің жеңімпазы атанды. Жарысты жартылай финалдан бастаған отандасымыз әуелі Рафаэл Лонсанодан басым түсіп, финалда жергілікті спортшымен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Санжар биылдыққа 51 келіде алғашқы халықаралық жарысында жеңімпаз атанып отыр.

Айта кетейік, Санжардан бөлек тағы үш боксшымыз алтыннан алқа тағып, төрт боксшымыз күміс жүлдегер атанды. Ернұр Қайрат (48 кг), Дәулет Молдашев (54кг), Диас Молжігітіов (75 кг) чемпион атанса, Сабыржан Аққалықов, Ерасыл Жақпеков, Данияр Рахымбердиев және Олжас Боқаев күмісті қанағат тұтты.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!