фото: instagram.com/kmff.kz

Шағын футболдан Қазақстан құрамасы әуесқойлар арасында Босния және Герцеговинада өткен Еуропа чемпионатында қола жүлде иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін Франция командасына қарсы матч өткізіп, 7:2 есебімен ұтты. Сербиялықтар жарыс жеңімпазы атанса, күміс медальді Румыния еншіледі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының B тобында көш бастап, кейін Словения және Әзербайжан командаларын жеңген болатын. Бірақ жартылай финалда Румынияға пенальти сериясында есе жіберді.

Мамырда шағын футболдан Қазақстан құрамасы екінші мәрте 6×6 форматындағы Socca Eurocup-2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!