фото: Ұлттық олимпиада коммитеті

Елдос Сметов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) әлемдік рейтингісінде ТОП-5-ке енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған дейін ол 22-орында болса, жаңартылған рейтингіде бірден 17 сатыға жоғары көтерілді. 

Тайбэйлік Ян Юнвэй көш бастаса, Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, франциялық Лука Мхеидзе екінші, грузиялық Георгий Сардалашвили үшінші, испаниялық Франсиско Гарригос төртінші орында. 

Айта кетейік, Елдос Сметов Олимпиада ойындарында алғашқы бестікке кірген Ян Юнвейді ширек финалда, Франсиско Гарригосты жартылай финалда, Лука Мхеидзені соңғы бәсекеде тізе бүктірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!