Nur Otan партиясы Қазалы аудандық филиалында, Республикалық ұлттық мектеп лигасында «ұшқыр доп» жеңімпазы атанған Ғ.Мұратбаев атындағы №91 мектеп оқушыларымен кездесу өтті.
Nur Otan партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жалғасбаев, Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры А.Дәрібаев және Jas Otan Жастар қанаты Қазалы аудандық филиалының басшысы Н.Ақпанбетов жарыс жеңімпаздарын құттықтап, алғыс хат табыстады.
Мектеп командасын жарысқа жоғары дәрежеде дайындағаны үшін жетекшісі Д.Бақытбергеновке және жарыс жеңімпаздарына алдағы уақыттарда сәттілік тілеп, спорттың биік шыңдарынан көріне беруіне тілек білдірді.