Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдің спорт саласындағы жетістіктеріне де тоқталып өтті.

«Жыл соңына дейін бюджет есебінен тағы 12 жаңа спорт нысанын, соның ішінде байдарка мен каноэде есу базасын саламыз.Мемлекеттік-жекешелік әріптестікаясында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы бойынша 5 жоба іске асырылуда, онда 720 адамды қамтитын 60 секция ашылады. Спорттағы жоғарғы жетістіктер арқылы біздің спортшылар Токио олимпиадасына 2 лицензия алды», – деді облыс әкімі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!