Қызылордада Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнир өтті. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған, Олимпиада, Әлем, Еуропа, Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жиналған жарыста 20-дан астам елдің балуандары белдесті. Нақтыласақ, Әзірбайжан, Бразилия, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Татарстан, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Үндістаннан және еліміздің барлық аймағынан 200-ге жуық спортшы 10 салмақ дәрежесінде бақ сынады.
Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Сәрсенов, Тәйімбет Көмекбаевтың баласы, генерал-майор Бағбан Тәйімбетұлы, батыр ұрпағы Ардашер Шайымбетов қатысты.
– Ең алдымен баршаңызды Сыр елінің тумасы, Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнирдің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл әлемдік дода 1995 жылы самбодан республикалық ашық турнир ретінде ауданнан бастау алған болатын. Содан бері осы жарыстан 100-ге жуық Әлем және Азия чемпиондары шыңдалып шықты. Бұған дейін турнир Қармақшы ауданында республикалық деңгейде ұйымдастырылатын. Былтырдан бері аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тікелей қолдауымен халықаралық деңгейде облыс орталығында өтуде.
Сыр өлкесінде есімі елге, әлемге әйгілі тұлғалар аз емес. Олардың қатарында Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев есімін ерекше құрметпен айтамыз.
Қаһарман жауынгер – қан майданда от кешіп, Отан үшін кеудесін оққа тосқан, ерлігімен көзге түсіп, жаужүректігімен батыр атанған тұлға. Батыр бабамыздың құрметіне ұйымдастырылған бозкілем бәсекесіне 20-дан аса елдің спортшылары жиналды. Алдағы уақытта аймағымызда осы бағыттағы халықаралық турнирлер жалғасын тауып, дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.
Барша қатысушаларға сәттілік тілеймін! Жарысымыз әділ әрі тартысты өтсін, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Мұнан соң Руслан Есеналин құттықтау сөз сөйлеп, Бағбан Тәйімбетұлы «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Айта кету керек, өңірде олимпиадалық спорт түрлері, оның ішінде грек-рим күресі қарқынды дамып келеді. Бүгінде осы спорт түрімен шұғылданушылар саны 1600-ден асқан. Спорт саласына көрсетілген қолдаудың арқасында өткен жылы грек-рим күресінен Әлем чемпионы атанған сырбойылық балуан Айдос Сұлтанғали ел мерейін үстем етіп, тарихи жеңіске қол жеткізді.
Екі күнге жалғасқан халықаралық турнирде балуандар өзара мықтыны анықтап, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапат төрінен көрінді. Нәтижесінде 10 салмақ бойынша мәлімет төмендегідей.
97 кг салмақ дәрежесі бойынша:
3 орын – Бағдаулет Азамат, Астана қаласы
3 орын – Жениш Жумабеков, Қырғызстан мемлекеті
2 орын – Мухиддин Эмре, Түркия мемлекеті
1 орын – Худоёрджан Шамшаддинов, Өзбекстан мемлекеті
82 кг салмақ дәрежесі бойынша:
3 орын – Алмир Төлебаев, Алматы облысы
3 орын – Бақтияр Женишев, Қырғызстан мемлекеті
2 орын – Бекзат Орункулуулу, Қырғызстан мемлекеті
1 орын – Диас Қалтай, Жетісу облысы
72 кг салмақ дәрежесі бойынша:
3 орын – Кутман Темирбеков, Қырғызстан мемлекеті
3 орын – Бехрузбек Валиев, Өзбекстан мемлекеті
2 орын – Мерей Бекенов, ШҚО
1 орын – Әділхан Сатаев, Шымкент қаласы
63 кг салмақ дәрежесі бойынша:
3 орын – Дастан Зарлыханов, Ақмола облысы
3 орын – Дастанбек Орипов, Өзбекстан мемлекеті
2 орын – Ғалым Қабдунасаров, Жетісу облысы
1 орын – Нұрбол Бағдаулет, Қызылорда облысы
55 кг салмақ дәрежесі бойынша:
3 орын – Алпамыс Дастанбек, Қызылорда облысы
3 орын – Ерасыл Мамырбеков, ШҚО
2 орын – Өмур Ынтымакулу, Қырғызстан мемлекеті
1 орын – Ихтиор Батиров, Өзбекстан мемлекеті
60 кг салмақ дәрежесі бойынша:
3 орын – Асанқожаев Барсбек, Қырғызстан мемлекеті
3 орын – Сұлтан Олжас, Алматы облысы
2 орын – Бахрамов Мехрож, Өзбекстан мемлекеті
1 орын – Феруз Тухтаев, Өзбекстан мемлекеті
67 кг салмақ дәрежесі бойынша:
3 орын – Апилов Баяман, Қырғызстан мемлекеті
3 орын – Мальтекбаев Мадияр, Абай облысы
2 орын – Юлдашов Сардар, Өзбекстан мемлекеті
1 орын – Кебисбаев Алмат, Қарағанды облысы
77 кг салмақ дәрежесі бойынша:
3 орын – Мырзалиев Жанторе, Қырғызстан мемлекеті
3 орын – Дуйшонбеков Нурел, Қырғызстан мемлекеті
2 орын – Сүлеймен Айдос, Қызылорда облысы
1 орын – Алиев Абдулло, Өзбекстан мемлекеті
87 кг салмақ дәрежесі бойынша:
3 орын – Артык Алынбекуулу, Қырғызстан мемлекеті
3 орын – Азат Салидинов, Қырғызстан мемлекеті
2 орын – Бекен Жанболат, Жамбыл облысы
1 орын – Жеңіс Ерасыл, Жетісу облысы
130 кг салмақ дәрежесі бойынша:
3 орын – Ботаев Мұрат, Қырғызстан мемлекеті
3 орын – Токтогонов Нұрболат, Қырғызстан мемлекеті
2 орын – Сырлыбай Олжас, Қызылорда облысы
1 орын – Ерғали Әлішер, Жамбыл облысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!