Фото: ашық дереккөздерден

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық боксшылар Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай Парижде өтетін Олимпиадаға үш лицензияны жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сабырхан лицензиялық турнирдің 1/4 финалында тәжікстандық Асрор Вохидовпен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Шымбергенов ширек финалда әзірбайжандық Сархан Әлиевті жеңді. Есеп 5:0.

Ал 80 келі салмақта ел намысын қорғаған Нұрбек Оралбай ширек финалда Ирландия боксшысы Келин Кассидиді 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Ерлер арасында ширек финалған шыққан бес боксшымыздың бесеуі де Париж Олимпиадасының жолдамасын қанжығасына байлады.

Олар — Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі).

Жалпы Италиядағы лицензиялық турнирге ерлер арасында алты боксшы аттанған болатын.

Еске салайық, бұған дейін қазақ боксшылары Айбек Оралбай мен Сәкен Бибосынов Олимпиада лицензиясын жеңіп алған болатын.

Париж Олимпиадасы-2024 жолдамасының иегерлері:

Әйелдер:

  • 57 кг-Карина Ибрагимова;

Ерлер:

  • 51 кг-Сәкен Бибосынов;
  • 57 кг-Махмұд Сабырхан;
  • 71 кг-Асланбек Шымбергенов;
  • 80 кг-Нұрбек Оралбай;
  • 92 кг-Айбек Оралбай;
  • +92 кг-Қамшыбек Қоңқабаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!