Жалағаш ауданының мәдениет және өнерді дамыту орталығында ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшысы Сәрке батыр Өмірқұлұлын еске алуға арналған таеквондодан облыстық ашық турнир өтті. 

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев қатысып, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Спорт – күштілер мен ептілердің, батылдар мен шеберлердің сайысы. Бүгін өткелі отырған Сәрке батыр Өмірқұлұлын еске алуға арналған таеквондодан балалар мен жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнирге облыс аудандарынан спортшылар келіп қатысуда. Әрине, сайыс болғасын біреу озады, біреу қалады, атам қазақ айтатынындай «бақ шаба ма, бап шаба ма» оны сайыс барысы көрсетеді. Мен аудан тұрғындары атынан, спорт жанкүйерлері атынан барлық спортшы қырандарымызға жеңіс тұғырынан көрініңіздер деймін», – деді аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет.

Турнирде облыс бойынша 400-ге жуық спортшылар 70 салмақ бойынша күш сынасты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!