Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында, жұмыссыз жастарды ынталандыру мақсатында Жалағаш кентінің көше жастарының арасында стрит-уоркаут бағытында спорттық сайыс өткізілді.

Шараның мақсаты – ауыл спортын дамыту және де жастарымызды спортқа баулу, жұмыссыз жастардың бос уақытын тиімді өткізу.

Сайысқа 15- тен астам спортшы қатысты, жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Бұдан бөлек, жұмыссыз NEET санатындағы жастарды қоғамдық ортадағы белсенді жастармен байланысын орнату мақсатында киберспорттан «PlayStation» турнирі өткізілді. Турнирге 30-дан астам қатысушы қатысты, жеңімпаздарға диломдармен, ақшалай сертификаттар табысталды.


Және де жұмыссыз жастарға арналған @jumys.jalagash инстаграм парақшасы және фейсбук әлеуметтік желісінде арнайы парақша ашылып, бос жұмыс орындар туралы ақпараттар жарияланып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!