Бүгін Қызылорда облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастырумен мүгедектігі бар балалар «Папасының қызы» атты фильм тамашалады.

Шараның мақсаты − мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек оларды түрлі шараға қатыстырып, қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттыру, психологиялық тренингтер өткізу арқылы позитивті ойлау дағдыларын дамыту, спорттық, мәдени, қоғамдық іс-шараларға қатыстыру. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды мәдени өмірге белсенді тарту, оларға қуаныш сыйлау және қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыру.

Бар жақсылық − балаларға

− Фильм туралы айта кетсек, жалғызбасты әке қызының саяхатқа шығу арманын орындау үшін екіжүзді, қатал бастығының дөңгелектегі үйін ұрлап кетеді. Ашуға булыққан басшы соңдарынан нағыз қуғын ұйымдастырады. Қызы үшін бұл − өміріндегі ең ғажайып сапар: жаңа жерлер, күлкілі жағдайлар, күтпеген кездесулер. Бұл − әке мен бала арасындағы шынайы жақындыққа апаратын жол туралы жылы әрі әсерлі оқиға.

Біз әр баланың күліп, армандап, кино кейіпкерлерімен бірге саяхатқа шығуға құқығы бар деп санаймыз. Бұл шара арқылы біз қоғамның назарын ерекше балалардың мәдени қажеттіліктеріне аударғымыз келеді, − дейді «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамының» төрағасы С.Сиюов.

Шараға  мүгедектігі бар 30   бала мене ата-аналары қатысты және балаларға арнайы бағалы сыйлықтар мен тәттілер таратылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!