фото: baq.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 24-26 наурыз күндері күн жылынып, Атырау облысында қар қарқынды ери бастайды. Осыған қарай Қызылқоға, Жылыой аудандарындағы шағын өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін, жауын-шашын болуы ықтимал, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сондай-ақ 25-28 наурызда ауа температурасының одан әрі көтерілуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында қар еріп, өзендердегі су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін. 26 наурызда БҚО-ның кей жерлерінде жаңбыр жауады.

24-29 наурыз аралығында Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында қар қарқынды еріп, оңтүстік өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін, салдарынан автожолдар, елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарын су басу қаупі жоғары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!