NNN лақап атымен танымал отандық блогер Нұрдәулет пен оның досы Әлішер Қонысбаев көңіл көтеретін видео түсіру кезінде құны 30 миллион теңге тұратын көлікпен жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода дәретхана қағазының үстінде тұрған блогер қатты жылдамдықпен келген көліктің төбесінен секіріп өтеді.

Кейін қағаз тосқауылмен соқтығысқан жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай, бар жылдамдықпен жолда тұрған ауыр жүк көлігіне соғылады. 

Видеоға қатысушылардың ешқайсысы зардап шекпегені хабарланды. 

Желі қолданушылары блогердің видеосын айыптап, оның жастарға қауіпті үлгі көрсетіп жатқанын жарыса жазды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!