Адам баласын құртатын – Ой емес,

Ойсыздық шығар…

О.Бөкей

Жетпіс жыл боданында ұстап, «интернационал отбасы» идеологиясын күштеп таңған саясаттың салқыны әлі де басылмай тұрған шақта «жаһандану» жаңғырының даусы тым қатты шыға келді. Соның салдарынан ұлт ретінде көбейе алмай, рухымыздың әлсіреуіне тап болдық. Өзге ұлтпен қан араластырып, өз тегіміздің құнарын жоғалта бастадық. Бұл – О.Бөкейдің «Атау кересінде» көрініс тапқан  бүгінгі күннің де шындығы!

Ғалымдардың зерттеуіне мән берсек, адам бойындағы жақсы қасиеттер, әсіресе, батырлық, намысқойлық, даналық тұқым қуалаушылық жолмен келеді екен. Ал тұқым қуалау қанның таза болуына, яғни текке байланысты болады. Дана халқымыз «Тексізден текті тумайды», «Тегін білмеген теріс бағады», «Тексізді төрге шығарма» деп бекер айтпаса керек-ті!

Елдің бәріне көмек қолын созуға даяр, батыл, ақ сөйлеп, әділін тайсалмай айта алатын Қандауыр мен өз сүйгені үшін әулетіне қарсы шығып, мұсылман дінін қабылдап, өмірінің соңына дейін намазын оқыған Нюра Фадеевнаның ұлы Ерік неге өте қатыгез, дүниеқоңыз, тасжүрек болды дейсіз? Төсек тартып жатқан анасы мен кезінде сүйіп алған жарына да жылы сөзі жоқ Еріктің бар ойлағаны неге өз қалауы? Бір кездегі жолдасы болған Тағанды кемсітіп, кек алғысы келген астамшылық мінез қайдан пайда болды? Мұсылман дінін қабылдаған Нюра Фадеева өлер алдында неге шоқынды?

Бұл сұрақтың жауабын аралас некеде туған баланың бойына ата-анасының жақсы қасиеттерінің дарымайтындығынан табамыз.Тіпті Еріктің өз кіндігінен перзентінің болмауы да  көп мәселеден хабардар етсе керек.

Еріктің мұхиттың арғы жағынан алдырған улы арасынан келген ажалына мойынсұнған анасына қазақы отбасынан шыққан тәрбиелі Айнаның атау кересін беруі, арулап, жер қойнына табыстауы, жоқтауы… шығарма барысындағы «Неге біз осы» деп басталатын философиялық толғамдардан отбасылық бақытты, шынайы қуанышты ешқандай ақшаға сатып ала алмайтындығымызға көз жеткіземіз.        

Альфа ұрпақтарына өз тегінің тұнығын лайламауды осындай шығармалар арқылы үйрету міндетті. Аралас неке тек жекелеген адамдардың ғана емес, бүкіл ұлттың ажал алдындағы асына, яғни атау кересіне  айналуы әбден мүмкін. Сол себепті перзенттік парызын өтемек түгілі, рухани тұғыр мен болмыстан жұрдай Еріктердің көбеюіне жол бермеуіміз керек.

Жәния АРДАҚҚЫЗЫ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!