Анаға бас иетін,
Өз Отанын сүйетін
Жастарға біз сенеміз.


Ата жолын жалғайтын,
Таза жолды таңдайтын.
Біз жастарға сенеміз.
Ана сүтін ақтайтын,
Салт-дәстүрін сақтайтын
Жастарға біз сенеміз.


Білімге құштар, талапты,
Білімді, тапқыр, талантты,
Сабыр сақтап, саспайтын
Қиындықтан қашпайтын,
Жастарға біз сенеміз.


Тұрақты тату тірлікті,
Бағалай білген бірлікті,
Біз жастарға сенеміз.
Арманның көп астары


Аса биік асқары,
Шыңына соның шығыңдар, «Ақмешіт жастары»!

Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!