Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру мәселесін талқылап, қалалық бизнес өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл сауалға Ерболат Досаев 1 қыркүйектен бастап Алматыда алғаш рет бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылғанын айтып, жауап берді.

«Мен бұл шешімді жариялаған кезде кәсіпкерлер бұл жұмыстың үлкен жүктеме болатынын түсінеді деп ойладым. Жауапты құрылымдар бюджетті қалыптастыруда нарықтық бағаға бағытталды. Алайда бұл бағалаулар сәуір айында жүргізілгендіктен сіздің сұрағыңыз орынды қойылып отыр. Келесі жылдың бюджетін қалыптастырған кезде алдын ала төлеу мәселесін зерттеп, қарастыратын боламыз», – деді қала әкімі.