Жас ұрпақтың Отансүйгіш қасиетін оятып, еліне деген адалдық мұратын орнату үшін айбынды жол қажет. Әсіресе, бұл маңызды міндетті мектеп табалдырығынан бастаудың орны ерек. Осы мақсатта елімізде бастапқы алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәні өткізіліп келеді.

Өрен бойындағы ержүрек, табандылық құндылығын тәрбиелеуге бағытталған сабақтың маңызы зор. Мұнда қиын-қыстау сәтте ел қорғаудың алғышарты үйретіліп, келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған жоспарлы жұмыс жүреді. Яғни, аталған пән жастар арасында әскери борышын өтеуге құлшынысты арттырып, ұлттық намыс пен жастар жігерінің қайнар көзі десек, артық емес.
Бұл пән бүгін пайда болған жаңалық емес. 1996 жылдан бері мемлекет тарапынан салаға көңіл бөлініп, алғашқы әскери даярлық пәні оқытылуда. Осы аралықта пәнге арналған материалдық-техникалық база жасақаталып, жаңа әдістемелер жарық көрді. Министрлік тарапынан АӘТД пәнін оқытуға қажетті әскери-техникалық мүлік түрі де бекітілген болатын. Сондықтан бұл пән ұлт болашағын қалыптастыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тиігзеді.

Жекенов Бекболат Тынымбекұлы

Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицей

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!