Фото: agenzianova.com

АҚШ-тың Канзас-Сити қаласында футболдан Super Bowl лигасы жеңімпаз командасының құрметіне өткен шеруде атыс болды. Салдарынан 1 адам қаза тауып, 22 адам зардап шекті. Соның ішінде кемінде 9 адам жарақат алды, деп хабарлайды Halyq Uni ақпараттық агенттігі CNN порталына сілтеме жасай отырып.

Атыс Юнион Стэйшн вокзалының жанында болды. Бір адамның қаза тапқаны расталды. Оқтан зардап шеккендердің жалпы саны 22-ге жетті, – деді қалалық полиция басшысы Стейси Грейвс.

Gun Violence Archive ұйымның мәліметіне сілтеме жасаған телеарнаның хабарлауынша, зардап шеккендердің арасында 8 бала бар. Бұл – жыл басынан бері АҚШ-та болған 48-атыс.

Канзас-Сити қаласындағы атыстың себебі анықталып жатыр. Полиция басшысы Грейвстің айтуынша, 3 адам қамауға алынған.

Парад Ұлттық футбол лигасының (Super Bowl) жеңімпазы «Канзас-Сити Чифс» клубының құрметіне ұйымдастырылған болатын. Бұл команда Лас-Вегас қаласында болған Ұлттық футбол лигасының финалында «Сан-Франциско Форти Найнерс» клубын 25:22 есебімен жеңген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!