Көрнекі фото: Karl-Josef Hildenbrand/picture alliance via Getty Images

Германияда аяз бен қар жауғанының салдарынан бір адам қаза тапты, тағы 17 адам түрлі ауырлықта жарақат алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап жазуынша, 20 сәуірде Германияда жауған қар мен аяздың салдарынан жол-көлік оқиғасы болып, 17 адам зардап шеккен. Бір адам қаза тапты.

«Тюрингиядағы Ильменауға жақын маңда 65 жастағы ер адам көз жұмды. Қайғылы оқиға сенбіде таңертең болған. Сол күні ауа температурасы 0 градустан сәл жоғары еді әрі жаңбыр аралас қар жауған», – деп жазады басылым.

Германияның орталық және шығыс бөлігіндегі қолайсыз ауа райы салдарынан 17 адамның барлығы әр түрлі ауырлықтағы жарақат алғаны анықталған.

Тюрингия федералды жерінде екі жайт болған. Саксония мен Гессенде төрт жағдай, ал Саксония-Анхальтта жеті жайт тіркелген. Зардап шеккендердің екеуі ауыр жарақат алды.

Сондай-ақ басылым жазуынша, Германиядағы аязды күн бүгін де жалғасып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!