Франция президенті Эммануэль Макронның жеке фотографы Instagram желісінде Мемлекет басшысының қазақтың тазы тұқымды иттерімен түскен суретін жариялады.

Ақ-қара түсті фотосуретте Макрон үш иттің – Жюль мен Жанна есімді қос тазының және 2017 жылы асырап алған қара лабрадор Немоның қасында тұрғанын көрсетеді.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Астанадағы көрмені аралау кезінде тазыларды ұнатқан француз әріптесі Эммануэль Макронға бес айлық қос күшікті сыйға тартқан болатын.

Күшіктер Парижге жеткізілген соң Жюль және Жанна лақап атын алған. Сондай-ақ, жазбада қазақы тазылардың біршама уақыттан бері Елисей сарайында тұрып жатқан қара лабрадор Немомен достығы жайлы айтылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!