10 қазан сағат 08:00-де Air Astana әуекомпаниясының рейсі Алматыдан Тель-Авивке жол тартты. Рейс арқылы Израильде қалып кеткен қазақстандық азаматтарды алып келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстың күшеюі 7 қазанда таңертең басталды. Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы Тель-Авивке барлық рейсті уақытша тоқтатты. Air Astana қанша қазақстандық азамат елге қайта алмай қалғанын айтты. Еліміздің Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына мәлімдеме жасады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!