Фото: BAQ.KZ. – архив

Корей геологтары Қазақстанда литийдің ірі кен орнын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандар оны игеруді жалғастырғысы келеді. Мұны Кореяның геоғылымдар және минералды ресурстар институты (KIGAM) мәлімдеді.

Кен орны Шығыс Қазақстанда орналасқан. Ол жерде бұрын тантал өндірілген. Институт бұл жер қойнауын Қазақстан Үкіметінің сұранысы бойынша зерттеген.

KIGAM бұл аймақта құны 15 млрд доллардан асатын литий қоры бар деп есептейді. Канадалық агенттік жүргізген талдауға сәйкес, осы аймақта табылған литийдің кейбір түрлерінің құрамы 5,3%-ға жетті. Салыстыратын болсақ, Батыс Австралия шахтасындағы литий мөлшері 2,1% құрайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!