KAZINFORM – NASA 2027 жылы Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш орталығынан Жер орбитасына аттанатын «Artemis III» миссиясының экипаж құрамын таныстырды, деп хабарлайды ВВС.
Экспедицияға ұшқыш Лука Пармитано, миссия мамандары Андре Дуглас пен Фрэнк Рубио, сондай-ақ экипаж командирі Рэнди Бресник қатысады.
NASA мәліметінше, үшінші миссия аясында Айға қону қарастырылмағанымен, ұшу барысында жиналған деректер Ай бағдарламасының келесі кезеңіне дайындық үшін пайдаланылады.
АҚШ ғарыш агенттігі адамдарды Ай бетіне 2028 жылы қайта жеткізуді жоспарлап отыр. Жоспар бойынша астронавтар онда шамамен бір апта болады.
«Artemis III» миссиясының негізгі міндеттерінің бірі – SpaceX және Blue Origin компаниялары әзірлеген технологиялар мен жабдықтарды пайдалана отырып, қону модульдерінің прототиптерімен түйісу жүйесін сынақтан өткізу, сондай-ақ жаңа скафандрларды тексеру.
Шамамен екі аптаға созылатын миссия аяқталғаннан кейін экипаж Тынық мұхитына қонады.
Сәуір айында астронавтар Айды басқарылатын режимде айналып ұшқан «Artemis II» миссиясынан айырмашылығы, бұл жолы экипаж тек ер адамдардан тұрады.
Бресник, Рубио және Дуглас – NASA астронавтары, ал Пармитано Еуропа ғарыш агенттігі атынан қатысады.
Миссия командирі Бресник ғарышта 149,5 тәулік болған, Рубионың ғарыштағы жалпы уақыты шамамен 371 күнді құрайды, Пармитано ғарышта екі мәрте болып, онда 366 күн уақытын өткізген, ал Дуглас үшін бұл алғашқы ғарыш сапары болмақ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
