Шыңжаңда Құранды нақышына келтіріп оқыған 56 жастағы тұрғын ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Radio Free Asia сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұны қазақстандық «Атажұрт» ұйымының жетекшісі Бекзат Мақсұтхан мәлімдеді.

Шыңжаңда қазақ Құсман Рехим 14 шілдеде ұсталған. Оның ұсталғаны тек 24 тамызда белгілі болды. Оны ер адамды діни мереке кезінде таныстарының үйінде киелі кітапты оқыды деп айыптаған.

Тінту кезінде оның үйінен Құран данасы табылған.

Бұған дейін Шыңжаңда діни әрекеті үшін 61 жастағы Бақытхан Мырзан сотталған еді. Ол биыл көктемде түрмеде көз жұмған.

БҰҰ есебінше, Қытай билігі 2017 жылдан бері лагерьлерге бір миллион ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылманды қамаған. 

Адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдар мен Батыс елдері Пекинді Шыңжаңдағы мұсылмандарға «геноцид» жасады деп айыптады.

Қытай билігі мұның бәрін жоққа шығарады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!