Фото: Марцин Белецкий / PAP

Польшадағы Щецин қаласында көлік бір топ адамды қағып кетті. 19 адам, оның ішінде 6 бала зардап шеккен, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі RFM24 телеарнасына сілтеме жасап.

Автокөлік бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, қала орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан адамдарды қағып кетті.

Адамдардың көпшілігі жүргізуші қылмыс орнынан қашпақ болған кезде зардап шеккен. Дәл осы сәтте 12 адам ауыр жарақат алды. Сонымен қатар, қаскүнем жақын маңда тұрған көліктерге зақым келтірген.

«Екі адамның жағдайы ауыр, бірақ өміріне қауіп жоқ», – деп хабарлайды телеарна.

Полиция күдіктіні іздестіріп жатыр. Щецин аудандық прокуратурасы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастаған.

«Бұл оқиға, әрине, теракт емес», – деп сендірді провинция полициясы бастығының орынбасары Марек Ясталь.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!