Фото: swissinfo.ch

Швейцариялық бір топ қарт әйел (көпшілігі 70-тен асқан) Страсбургтегі адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотқа шағым түсірді. Олар аптап ыстық жағдайында қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатқанын айтады. Еуропада жаһандық климат өзгерістеріне байланысты мұндай жағдай жиілеп келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шағымданушылар бұған парниктік газ шығарындыларын күрт төмендету бойынша өз міндеттемелерін орындамаған Швейцария билігі жауапты екенін дәлелдеуге тырысты.

Осыған байланысты, жазда егде жастағы әйелдер, әсіресе қатты ыстықта ұзақ уақыт бойы үйден шыға алмайды.

Соңында сот олардың жағына шығып, Швейцария шынымен «климаттың өзгеруі жөніндегі Париж конвенциясындағы өз міндеттемелерін орындамады» деп шешті.

“Салдарынан ел тұрғындарының құқығы бұзылды, әсіресе егде жастағы әйелдерге қиын соқты”  делінген сот шешімінде. Страсбург сотының шешімі Еуропа Кеңесіне мүше барлық елдер үшін міндетті саналады. Яғни, «климаттық әрекетсіздік туралы» прецеденттік шешім 46 мемлекеттің заңнамасында көрініс табады.

Алдағы уақытта Швейцария үкіметінен шығарындыларды азайту және Париж конвенциясының шарттарын орындау үшін 2030 жылға қарай орындалуы тиіс мақсаттарды қайта қарау бойынша жаңа шаралар қабылдау талап етілуі мүмкін.

«Соттың мұндай шешім қабылдағанына біз өзіміз де әлі сене алар емеспіз», – деді шағымданушылардың бірі Розмари Видлер-Валти Рейтер агенттігіне – «Адвокаттардан «бұл рас па?» деп сұраумен болдық.  Олардың пікірінше, бұл ең тиімді шешім».

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!