Фото: GETTY IMAGES

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, еліміздің солтүстігі мен батыс аймақтарында тұрғындар көктемгі жылуды сезініп үлгермей, арктикалық суық ауа райын қайтадан сезінеді. Бұл аймақтарда барикалық толқындардығң қарқынының тез өзгеруі ауа райының күрт сууына себеп болады.

Солтүстік және оңтүстік циклондардың скандинавиялық антициклонмен араласуынан Қазақстан аумағында бұлтты және қолайсыз ауа-райы болжанып отыр.

«Баренц теңізі акваториясынан суық ауа массаларының келуі алдымен республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, содан кейін орталығында ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Түнгі уақытта термометрлердің бағандары төмендейді. Қар аралас жаңбыр күтіледі. Найзағай, бұршақ пен жаңбыр болжағанымен оңтүстік аймақтарда көктемгі жылы ауа-райы әлі де сақталады», – делінген хабарламада. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!