Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

7-9 мамыр аралығында Қазақстанның барлық дерлік аумағында қысқа мерзімді жылу оралады деп күтілуде. Бұл ретте еліміздің батысында күн райы құбылмалы болады деп болжанып отыр. Бұл жөнінде «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

7-9 мамыр аралығында Қазақстанның барлық дерлік аймақтарына қысқа мерзімді жылу келеді.

Республиканың солтүстігі мен шығысының кейбір аудандарында түнде теріс төмен температура сақталатынына қарамастан, 9 мамырға қарай күндізгі температура +20…+28°C болады.

Батыс Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады – найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, осыдан кейін жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!