Журналистика – мәні терең мамандық

Журналистен білдік біраз жаңалықты,
Солардан біз үйренеміз даналықты.
Ойы терең сөзі түзу мықты сала,
Оларсыз бейхабар ғой жалпақ дала.

Кішкентайдан қалам мен қағаздарға құрмар болдым.
Журналист мамандығын армандадым.
Ойым менен ақылыма ерік беріп,
Журналистің еңбегі көп талдадым.

Оңай емес олардың жұмыстары.
Еліміздің еңбекшіл асылдары.
Халыққа терең ойлы сұхбат беріп,
Тәрбиеледі экраннан балаларды.

Журналистер жер бетінің мақтанышы.
Халық деген ұлы топ жақтаушысы.
Елге қауіп, апат су келген кезде
Жанын сала халқына хабарлаушы.

Журналистер еліміздің батырлары.
Бойларында тасыған би, шешен, ата қаны.
Даралық пен даналық бойларында,
Халқы үшін шырқырайды жалғыз жаны.

Сары қыз

Ей, сары қыз, сары қыз,
Қашан бірге боламыз?
Аңсауменен өзіңді,
Түнде ұйқысыз қаламыз.

Ей, сары қыз, сары қыз,
Сенімен көңілім уайымсыз.
Өзіңмен өткен уақытым,
Алтыннан қымбат бағаңыз.

Ей, сары қыз, сары қыз,
Неткен көркем арусыз!
Көзі мөлдір, ұзын шаш,
Қалдырды мені ес-түссіз.

Ей, сары қыз, сары қыз,
Сөзсіз ғажап сұлусыз.
Өзіңе шексіз сезімім,
Махаббатым жауапсыз.

Азамат Қонысбек

А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебінің оқушысы

Тәлімгер: Роза Мизанбаева

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!